Body: 

2016 жылғы 8 қазанда Астана қаласы Көлiк және коммуникация колледжiнде 1986 жылы колледжді «Тасымалдауды ұйымдастыру және темiржол көлiгiнде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітірген түлектертермен кездесу өтті.

30 жыл бұрын Д- 77 тобының студенттерi (ол кезде Целиноград темiржол техникумы) колледжді бiтiрдi. Бiрақ өз курстастарымен байланысын жоғалтпады, хат жазысып, қайта қоңырау соғады және әр он жылда мiндеттi түрде кездеседi.

Мәскеуден келген Ханина Алла - техникумның комсомол комитетінің ұйымдастырушы, Әубәкiрова Дина - кәсiподақтық комитетінің ұйымдастырушысы, топ басшысы болған Щуцкая Светлана өздерінің студенттiк өмiрлері туралы өте жылы және шынайы көңiлiмен әңгiмеледi.

Техникумның педагогтары Мельникова Калерия Григорьевна, Нагорный Борис Михайлович, Жақыпбеков Жеңiс Құрманғалиевич, Литвиненко Владимир Ильич, Наумкин Николай Павлович, Плахотнюк Римма Васильевнаны жылы лебіздерімен еске түсірдi.

Техникумның қоғамдық өмiрi туралы және спорттық әсерлерін студенттермен бөлiсті, сонымен бірге Тюкова Любовь (Алтай өлкесі, РФ), Нұрлатова Резида (Екатеринбург қаласы, РФ), Коваленко Анна (Астана қ) 4 жылғы білім алған кезіндегі Целиноградта сол кезде танымал болған үрмелi аспаптар оркестрінде барабаншы болғандары туралы әңгiмеледi.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бүгінгі күнгі өмірлері туралы сұрады. Қонақтар студенттерге жақсы білім алуға, жоғары деңгейде мақсат қоюға, оған қол жеткізуге ұмтылу қажеттігін айтып, тілектерін білдірді.

Қонақтар кездесуден кейiн колледждiң мұражайы кiрiп шықты, онда фотоальбомдар және әртүрлi жылдардың экспонаттарымен танысып, сый қонақтарға арналған кiтапқа есте қаларлық жазбаларын, жылы лебіздерін қолтаңба ретінде қалдырды.

Директордың оқу әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева