Body: 

2016 жылғы 14 қазанда білім ордамызда «Қош келдің, студент!» атты студенттерге арнау кеші өтті. Армандарын арқалап келген жас ұландардың талай биік шыңдарға жетуіне себепкер болатын, колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын мерекелік кеш директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары О.Х.Жунуспековтың құттықтау сөзімен ашылды. Омиргуль Хамзинұлы студенттерге оқуда озат, келешекте елінің білікті де білгір маманы болуларына ізгі тілегін білдірді. Құттықтауды жоғары курстың студенттері жалғастырды. Өнерлі студенттеріміз көрермендерді әсем ән мен тәтті күйге бөлесе, "Достар" КТК командасы жиналған көрерменді өз өнерімен тәнті етті.


Студент атанған бақытты жастардың ең негізігі құжаттарын – студенттік билетті салтанатты түрде екінші курс студенті Мустафина Дана бірінші курс студенті Тимегенов Ғасырбекке табыстады. Кешке жиналған бірінші курс студенттері «Жастар» ісі комитетінің белсенділері ұйымдастырған әуезді би кешінің куәгері болды.

А.Мұратұлы