20 қазан 2016
2016 жылғы 14 қазанда колледжде Астана қаласы Сарыарқа ауданы ЖПҚ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларымен кездесу өтті. Іс-шараға полиция лейтенанты Ж. Боранқұл, полиция капитаны Ж.Ж. Талдыбаева катысты. Кездесудің мақсаты – жастар арасында нөлдік шыдамдылықтағы құқықбұзушылықтың алдын-алу.
Дәріс барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда шылым шегуге, қоқым тастауға тиым салынатынын, және ол үшін 3 айлық есебінде айыппұл төленетінін ескертті. Дәріс барысында студентер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды. Сондай – ақ болашақта құқықбұзушылықтың соңы жақсылыққа соқтырмайтынын түсінді.
Г.Нұрқабыл