Body: 

2016жылғы 19 қазанда Көлік және коммуникация колледжінің №2 жатақханасында «Арайлы алтын күз» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараның мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып,тәрбиеленіп жатқан жастарымызды адалдыққа, еңбекқорлыққа, өнерге тәрбиелеу. Кеш барысында көңілді тапқырлар ойыншылары әзілдерімен көрермендерге көңілді күй сыйлады. Мың бұрала билеген бишіміз Кеңес Индира мен «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындаған Амандық Әмірхан көрермен қошеметіне ие болды. Мерекелік концертті ұйымдастырушылар жатақхана студенттерінің арасында сайыс өткізді. Ең тапқыр және ең талантты жұп Тотыкеменов Абуталиб пен Бақтыбаева Нұрай «Жатақхана ханзадасы мен ханшайымы» атанды.

Г.К. Капашова