Body: 

2016 жылғы 20 қазанда колледжде Астана қаласы «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК және «Әлем» еріктілер орталығы бірлесіп, студенттермен «Менің таңдауым - денсаулық» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу тренинг түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы ЖЖБА, ЖҚТБ/АҚТБ ауруларының алдын-алу және оларды жұқтырмаудың жолдарын түсіндіру.

Тренинг-сабақ барасында студенттер топқа бөлініп, «ЖИТС дегенді қалай түсінеміз және сақтану жолдары?» деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар студенттер сауалнама толтырды. Әр топ өз тақырыптары бойынша жеке көзқарастарын білдіріп, өз ойларын талқыға салды.

Орталықтың психологы А. Т. Нурмагамбетова студенттерге жұқпалы аурулардың түрлерін және алдын-алу жолдарын түсіндірді. Ол өз сөзінде студенттерге кез-келген уақытта орталыққа байланыс телефондары арқылы (call центр) хабарласып, қызықтарған сұрақтарына жауап алуларына болатынын айтты. Тренинг соңында студенттерге сертификат таратылды.

Г. Нұрқабыл