26 қазан 2016
2016 жылғы 21-26 қазан аралығында Астана қаласының № 5 қалалық емханасы «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының акушер-гинекологы және психологы колледж студенттерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты – жастардың арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын – алу. Орталықтың акушер-гинекологы Ф.М. Дюсембиева 1-4 курс студент қыздарына «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы» тақырыбында дәріс оқыды.
Сонымен қатар, акушер-гинеколог студенттерге репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар, қажетсіз қауіп-қатерге ұшырамау үшін түрлі жағдайларда өзіңді қалай дұрыс ұстау керектігі жөнінде бірнеше кеңестер берді.
Кездесу барысында орталықтың психологы П.Б. Альчикенова студенттерге кез-келген уақытта өз мәселелерімен орталыққа хабарласып, қызықтарған сұрақтарына жауапты қажетті байланыс телефондары арқылы алуларына болатынын айтты.
Г.Нұрқабыл