26 қазан 2016
2016 жылғы 18-21 қазан айы аралығында барлық мамандықтардың 1 курс топтары колледжді аяқтағаннан кейін жұмыс істеуге және кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуге, болашақ мамандығымен танысу мақсатында базалық кәсіпорынға экскурсияға барды.
Теміржол бағытындағы 1310000 "Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану" және 1311000 "Теміржол көлігіндегі жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану" сияқты 1ЭТС-116, 1ЭТС-216, 1ТЭТР-116, 1ТЭТР-216 мамандықтарының студенттері инженерлік-техникалық қызметкерлердің кәсіпорынның құрылымы, теміржол саласының ерекшеліктері, ЛАЗа, КИПа, радиотораптары сияқты құрал-жабдықтармен таныстыратын "Астана сигнализация және байланыс дистанциясы" "ҚТЖ"ҰК" АҚ филиалына барды.
1306000 "Радиоэлектроника және байланыс" бойынша 1РЭС-116 және 1РЭС-216 мамандығының студенттері "Қазақтелеком" АҚ бөлімшесіне барды. Онда кәсіпорынның инженері осы кәсіпорындар жұмысының қол жетімділігі және қызықты тарихы туралы айтып берді. Студенттер "Қазақтелеком" жұмысымен танысты, мұражайында болып, байланыс техникасының даму кезеңдерін, операциялық залын өз көздерімен көрді.
1ОЭО-116 және 1ОЭО-216 топтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігіне арналған әскери техника мен түнгі көру құралдары шығаратын "Аselcan" кәсіпорнына экскурсияға шықты.
1 ЭТХ-116, 1ППС-216 топтары "Қамқор Локомотив" ЖШС - "Астана локомотив жөндеу депосы" филиалына барды . Экскурсия барысында олар өзінің келешек мамандығы мен электромашина, электроаппаратты, автоматты және басқа бірқатар көмекші цехтар жұмысының технологиясымен танысты.
1410000 "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығының 1СД-216 тобы жол зертханасына барды. Кәсіпорынға бару мақсаты- өздері таңдаған мамандығына деген қызығушылығын дамыту. Студенттер жол-құрылысы материалдары мен жабдықтары сияқты, дуктилометр, түзетіп нығыздау құрылғысы, пенетрометр, Вика приборы және т. б . түрлерімен танысты.
Экскурсия барысында студенттер жол құрылысында қолданылатын материалдардың беріктігі, созылымдылығы, суға төзімділігін қалай анықтауға болатынын үйренді. Бірінші курс студенттері таңдаған мамандық туралы сұрақтар қойып, білгісі келетін ақпараттарды білді, өте қызықты өтті. Барлық сұрақтарға зертханасының меңгерушісі А. К. Алшинбаева жауап берді, ол кездесу соңында студенттерге оқуда табыс және өндірістік-технологиялық практикада жиі кездесулерді тіледі.
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару " 1Д-116, 1Д-216 мамандығының студенттермен экскурсия өте қызықты өтті. Олар "ҚТЖ" АҚ - "Астана Станциясы" филиалына барды, онда техникалық бөлімінің бастығы А. Ж. Билялов және еңбекті қорғау бойынша жетекші инженер Е. Щукина студенттерге негізгі бөлімшелер мен шаруашылық станцияларын, олар: сұрыптау төбешігі, пост ЭО-1, ЭО-2, жолаушылар ғимараты, сигнал беру құралдары, орталықтандыру және блоктау, станциялардың бірқалыпты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылармен таныстырды.
Студенттер станциялық қызметкерлердің негізгі кәсіптері мен лауазымдық міндеттерімен танысты, жұмыстың қиындықтармен және болашақтағы кәсіби өсуі жайлы сұрады.
1107000 "Теміржол көлігінде көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану" мамандығының бірінші курс студенттері үшін "Сороковинский машиналық қашықтықты жолдары" "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, орындалатын жұмыс сипатына, ішкі тәртіп ережесі, іс-шаралары және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар, жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде танысты.
Жол машина станциясының тәртібі мен жүйелілігі, машиналар мен механизмдерді қолдана отырып жол жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты.
1202000-"Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару" мамандығының 1ОПУД-216 тобының студенттері "Astana Motors" ЖШС-не экскурсияға барды.Экскурсия барысында бірінші курс студенттері өздерінің болашақ мамандықтары туралы көп нәрсе білді. "Subaru-орталығы" техникалық директоры Хамзин Хамбар студенттерді орталықтың құрылымы туралы айтып, зақымданған автокөліктер, олар жөндеу сервисін түсіндірді, оларды қалай тексеруге болатынын таныстырды.
Студенттер оқу бітіргеннен кейін және тәжірибеден өткеннен кейін қандай разряд алуға болатыны туралы қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
Бірінші курс студенттері колледж әкімшілігі және әлеуметтік серіктестерге болашақ кәсіптері мен заманауи өндіріс басына келіп, бәрін өз көздерімен көргені үшін үлкен алғыс білдірді.
Директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі
орынбасары Л.И. Матвеева
Директордың ақпараттық-инновациялық технологиялар бойынша орынбасары Р.И. Видергольд