Body: 

Осындай ұранмен 2016 жылғы 26 қазанда колледжде "Дене тәрбиесі және АӘД" кафедрасының "Ашық есік" күні өтті. "Дене шынықтыру" бойынша ашық сабақтарды аттестатталушы оқытушылар А.Т. Байталяков, Е.Ш. Байділдин, Б.Б. Беріков "Спорттық ойындар"- баскетбол, "Ұлттық спорт түрлері" - тоғызқұмалақ, қазақ күресі сияқты бағдарламаның тарауларына тоқталып, өткізіп шықты.

Ашық сабақтарда "Шығыс" БЖО-ның орталығының сараптама тобы Н.Е. Тәженов, Г.Г. Искакова, К.С. Шанбеков, Р.К. Мажитов, Г.Е. Аппаров, Д.З. Сыздықов, А.К. Омарова қатысты. Барлық сабақтар әдістемелік деңгейде жақсы өткізілді, оқытушылардың көрсетілген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес толық көлемде орындалды.

Сарапшылар тобының қорытындысы бойынша жалпы шешімге келді, яғни сабақтардың әр алуан түрде және жаңа әдістерді қолдану арқасында, студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығы артуда.

Оқытушылар студенттердің жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып, өзін-өзі дамыту, жеке тұлғаның дамуының тұтастығы мен ізгілік қарым-қатынастардың қағидаттары сияқты жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі үрдістерін пайдаланды.

Өткізілген сабақтардың міндеттерімен келешекте де жұмыс істейді, өйткені алынған техникалық-тактикалық дағдыларын алдағы дене шынықтыру сабақтарында пайдаланады.

Шығыс" БЖО-ның орталығының директорының орынбасары Г.Г. Искакова "Дене тәрбиесі – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның салаларының бірі, жеке адамның қабілетін нығайтуды және оның денсаулығын дамыту үшін бағытталған адам қызметінің бірі" - деп атап өтті.

Сондықтан да дені сау және спорттық ұлтты тәрбие леуге арналған осы сабақтарға көп көңіл бөлуіміз керек.

"Дене тәрбиесі және АӘД" кафедрасының меңгерушісі М. Б. Жусупов.