1 қараша 2016
2016 жыл 24-29 қазан айында «Экономикалық пәндер» кафедрасы шығармашылық апталығын өткізді. Кафедра оқытушылары апталықтың ашылуында кафедраның мақсаты мен міндеттері туралы бейнебаян жасап, № 216 оқу аудиториясында көрме ұйымдастырды. Көрмеге оқытушылардың жасаған ОӘК, тест тапсырмалары, дәрістер жинағы мен оқытушылардың жетістіктерін көрсететін мақтау қағаздары, алғыс хаттары, сертификаттар мен кітаптары қойылды
Апталықтың бірінші күнінде кафедра оқытушыларының ұйымдастырылуымен білім нарығындағы болып жатқан өзгерістерімен оқытушылардың іс- тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Педагогическая гостиная» атты колледждің жас оқытушыларына арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында Ж.С.Бекмуратова, А.К. Муканова, Т.Н. Естемесов сияқты кафедра оқытушылары оқыту технологиялары, оқу журналын толтыру, сабақ жоспарының құрылымы мен топ жетекшісі тақырыптарының өзекті мәселелерін қозғатты. Колледж директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева мен колледждің ардақты ұстазы Р.В.Плахотнюк өздерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, келген оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Кафедраның шығармашылық апталығының аясында Ж.С. Бекмуратова, А.К.Муканова, Т.Н. Естемесов, А.Н.Сыдыкова сияқты оқытушылар «Экономика негіздері», «Ұйым экономикасы», «Аудит», «Қаржылық есеп» пәндерінен ашық сабақтар беріп,ҚР Ұлттық Банкінің филиалының мұражайына 2У-215, 3У-114, 3У-214 топтарымен саяхатқа барды. Ашық сабақтарға директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер мен колледж оқытушылары қатысып, өз ойларын ортаға салып талқылады.
Кафедра оқытушысы Талгат Нурманбетовичтің жетекшілігімен колледж ішілік «Юнный бухгалтер - экономист» үйірмесінің мүшелерімен «ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қаржы – экономикалық талдау» тақырыбында факультативтік сабақ өткізіп, 3У-114 тобымен «Ұйым экономикасы» пәнінен ашық сабақ берді. Студенттердің арнайы сабаққа деген қызығушылықтарын тереңдету және теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында кафедра оқытушылары Жанаргуль Сырымбетовна мен Арайлым Кабдоллаевна «Қаржылық есеп» пен «Аудит» пәндерінен 3У-214 топ студенттерімен біріккен ашық сабақ өткізді. Кафедраның жас оқытушысы Айгул Нургазыновна 3С-214 тобымен «Ақша қаражаттары, замануаи ақша. Банк және банк жүйесі» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, топ жетекшілік ететін 1ЭН-216 тобымен «Егеменді, тәуелсіз, дамыған Қазақстан жетістіктерінің презентациясы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында студенттер домбырамен күй тартып, Тәуелсіздікке арнауларын оқыды. Болашақ мамандар берілген білімді іс жүзінде қалай қолданатындарын және мамандықтағы инновациялар жайлы ой қозғау мақсатында апталықтың соңғы күні «Болашақ мамандығыма саяхат» тақырыбында Ж.С.Бекмуратова мен А.К.Муканова ашық тәрбие сағатын өткізді. Шығармашылық апталық аясында жоспарланған іс-шаралар түгелімен орындалып, ашық сабақтар мақсаттарына жетті.
Кафедра меңгерушісі: Ж.С.Бекмуратова