Body: 

2016 жылғы 9 қарашада колледжде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – студент тәрбиесіндегі ата-ана мен колледждің байланысын нығайту, колледж ұжымымен бірлесе білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Жиналысты директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Т.Т. Абдикаримова жүргізді. Іс-шарада колледж психологы Э.С. Бегалиева «Жасөспірімдердің қарым-қатынас сферасы» тақырыбындағы баяндама оқыса, колледж инспекторы Ж.Ж. Талдыбаева «Студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу»мәселесі бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, дауыс беру арқылы 2016-2017 оқу жылына ата-аналар комитетінің жаңартылған құрамы сайланды.

Жиналыс соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Э. Бегалиева