16 ноябрь 2016
«Бәрінен бұрын қыздарымыздың
тәрибесіне үлкен көңіл бөлуіміз керек.
Болашақ жарымыз, болашақ аналарымыз,
отбасымыздың ұйытқысы - солар».
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев,
«Казахстан-2050» стратегиясы
2016 жылғы 11 қарашада Астана қаласының Әкімдігі мен «Қазақ Қызы» Қоғамдық Ұйымының бірлесе отырып ұйымдастырған колледждің жас аруларының Қазақстанның табысқа жеткен танымал әйел қауымдарымен, «Нұрлы жол, гүл ару» тұлға әлеуетінің көшбасшыларымен кездесуі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – елордамыздың жас аруларының мәдени-адамгершілік тәрибесінің жоғарылауына үлес қосу, олардың жеке және рухани әлеуетінің одан әрі дамуына, патриоттық сезімдерін нығайтып, ұлттық тәрбие қағидаларының қайта жандануына ықпал ету.
Кездесуге Қазақстанның ең танымал «Гүл Ару» гүлінің 7 тұлға әлеуетінің 4 көшбасшысы қатысты: Оразкуль Асангазы- «Патриоттылық пен намысшыл», Имангазинова Римма – «Ерік күш пен талпыныс», Яннат Низамутдинова – «Инабаттылық пен тәрбие», Жанара Байжулдинова – «Мейірімділік пен ризалық».
«Нұрлы жол, гүл ару» жобасы Қазақстан мәдениеті және дәстүрлі адамгершілік қағидалары мен принциптерін қайта жандандыруды, салт пен отбасылық дәстүрді насихаттауға қатысты «Нұрлы жол» бағдарламасын, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдениетін, тәрбиесін және білімін дамыту бойынша қойған тапсырмасын орындау мақсатына бағытталған
Бұл кездесу сенімділік, шынайылылық және ашықтық ортада әйелдер қоғамдастығының ең өзекті мәселелері талқыланатын диалогтық алаңы болды: ана болу маңыздылығы, отбасы құндылығы, білім мен рухани құндылықтың рөлі мен мәні, әлеуметтік мәселелер және т.б. сұрақтар қарастырылды.
Жас қыздар еліміздің ең беделді, табысты аруларына сұрақтарын қойып, кеңес алуға мүмкіндік алды.
А. Мурзабаева