Body: 

2016 жылғы 14 қарашада № 1 жатақханада колледждің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Танысу» атты тақырыпта студенттермен тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты - студенттердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту, бірін-бірі жақсы танып білу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалптастыру, адами құндылықтарды бағалай білуге психологиялық қолдау көрсету.

Тренинг барысында қатысушылар ойындар, жаттығулар орындау арқылы топтағы адамдармен белсенді жұмыс істеуді, өзара қарым-қатынас үйлесімділігі дағдыларын үйренді. Әсіресе, тыныштық сәтіндегі баяу музыка ырғағын тыңдау арқылы орындаған «Орманға серуен» атты жаттығу студенттердің көңілінен шықты.


Бұл тренингтен студенттер бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, өзін-өзі тану, түрлі ситуациялардан шыға білу және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыра отырып, кездесуден ерекше көңіл-күй мен әсер алды.

А.Туралиева