Body: 

2016 жылғы 18 қарашада колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов және колледж әкімшілігі № 2 жатақхана студенттерімен кездесті.

Жиналыста көтерілген сұрақтардың бірі – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Зулфухар Сұлтанұлы Астана қаласында жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық түрлерінің өршіп тұрғанын айтып, осы тұста ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндірді. Өз сөзінде директор өзге мемлекеттердің тұрмыс жағдайлары туралы мысалдар келтіре отырып, еліміздің заңдарына бағынып, тәртіп бұзбауға шақырды.

Сонымен қатар, колледж инспекторы Жазира Жолдасбайқызы Талдыбаева студенттерге «Жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚОК, ҚР ӘҚБК аясындағы кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы» толық ақпарат берді, кәмелет жасқа толмағандардың арасында неше жастан басталып, қандай жауапкершілікке алынатыны туралы түсіндірді.

Студенттердің қарым-қатынасын жақсарту, ұжымның ынтымақтастығын дамыту мақсатында колледж педагог-психологы Эльмира Серікқызы Бегалиева жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасын дамытуға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында жатақхана студенттерінің көптеген сұрақтарына жауап бергені мен бірқатар өзекті мәселелердің шешімін тапқаны үшін 2 курс студенті Қаратай Санжар директорға барлық студенттердің атынан алғыс білдірді.

А. Мурзабаева