Body: 

Қазақстанда соңғы жылдары халықтың іскерлік белсенділігі, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюі мен өсуіне байланысты, еңбек нарығында ағылшын тілін меңгерген мамандарға деген сұраныстары жоғары.

"100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыруға сәйкес, ТжКБ жүйесіндегі ағылшын тілінде оқытуға көшудің эксперименті бойынша Астана қаласындағы "Көлік және коммуникация колледжі"МКҚК үздік колледждер бестігіне кірді.

Астана қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде ағылшын тілінде оқытуға көшудің экспериметтік бағдарламасын іске асыру бойынша онкүндігінің ашылуы өтті.

Іс-шараның мақсаты-эксперименттік бағдарлама аясында жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларының педагогикалық тәжірибелерін талқылау және насихаттау және заманауи білім беретін технологияларды қолдана отырып студенттердің білім сапасын арттыру.

Құттықтау сөзді онкүндіктің қатысушылары колледж директоры З.С.Гаипов, Астана қаласының Білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің әдіскері С.Н. Нургалимов сөйледі.

Іс-шараның бірінші бөлімінде "Телекоммуникация тарихы" "Менің Қазақстаным", "EXPO - 2017" тақырыбында өлеңдер, әндер, театрландырылған көріністер ұсынылды, ал екінші бөлімінде «Байланыстың көп арналы жүйелері» зертханасының презентациясы және ағылшын тілінде ашық оқу сабағы өткізілді.

Іс-шара толығымен ағылшын тілінде жүргізілді. Іс-шараны ұйымдастыруда оқытушылар мен студенттер жұмысында жоғары шығармашылық белсенділігі мен ынтасы байқалынды.

Қатысқандар студенттердің дайындығының жоғары деңгейде екенін, эмоционалдық және эстетикалық әсер алғандарын атап өтті.

Қойылған мақсаттары мен міндеттері толығымен жүзеге асырылды.

С. Хайруллина