13 желтоқсан 2016
2016 жылдың 6 желтоқсанында «Эко» стиліндегі өмір» атты қалалық акция аясында «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедра оқытушысы Бужбанова Р.К. 1ЭТХ-116 тобында «Экологиялық таза өнім таңдау» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың басты міндеті студенттерге қоршаған ортаның және адам организмнің өзара бір-біріне әсерін жеткізу болды. Интернет-ресурстарын пайдалана отырып студенттер ішінара-іздену жұмысын атқарып мынандай қорытынды жасады: организмнің барлық жүйелеріне зиян келтіретін заттар, әсіресе - азық-түлік арқылы ауыр металдар және тағы басқа зиянды заттар түсетіні туралы; сонымен қатар зат алмасу процестері төмендейтіні туралы және т.б.
Оқытушы студенттерге елімізде «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы жақындап қалғандығын атап өтті. Бұл көрменің басты міндеті «жасыл энергетика» саласының ең үздік жаңалықтарын жинақтау, ал мақсаты планетаның экожүйесін сақтап қалу.
Сабақ өте қызықты өтті, сабақта презентация, қоршаған ортаның ластануы туралы бейнекөрініс, 2015 жылғы Қазақстан қалаларының ластануы туралы салыстырмалы мониторингі көрсетілді. Бужбанова Р.К. сабағы мақсатына жетті, студенттерге адам организміне қоршаған ортаның әсері туралы жеткізе білді. Оқытушы әр сабағын аса жауапкершілікпен, әртүрлі жаңа технологиялар пайдалана отырып қызықты өткізеді.
Г.Мырзагалиева