14 Желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласы бойынша «Астана - мейірімді қала» акциясы өткізілуде. Осы орайда, Астана қалалық маслихаттың депутаты, Көлік және коммуникация колледжінің директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаиповтың бастамасымен желтоқсан айының 9-15 аралығында «Сарыарқа» ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен түрғындарға қамқорлық көрсетіліп, азық – түлік пакеттерімен қамтамасыз етілді. 160 азық – түлік пакеттері ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға таратылды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында біздің депутатымыз, темір жол колледжінің басшысы тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектің маңызы зор», - деп Көктал шағын ауданының тұрғыны Таурас Сейталиқызы Умарбаева аталмыш акцияны іске асыруда өз үлестерін қосып жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, колледж ұжымы да қалыс қалған жоқ, 2016 жылғы 13 желтоқсан күні колледж директоры әлеуметтік көмекке зар қызметкерлер мен студенттерге азық-түлік пакетін табыстады.
А. Мурзабаева