Body: 

2017 жылдың 24 қаңтарында колледждің мәжіліс залында 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің өндірістік –технологиялық тәжірибесі қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтті. Конференцияға осы мамандық бойынша барлық топ студенттері қатысты.

Конференция ашылу салтанатын колледж директорының орынбасары Жунуспеков О.Х атқарды.

Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттыруда жолдардың маңызы ерекше. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады, алысты жақын етеді», - сөздерімен бастап, студенттерге технологиялық тәжірибенің маңызын айтты және конференцияға арнайы шақырылған «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның филиалы – Ірілендірілген Астана жол дистанциясының диагностикалық блогының бастығы Шуданов Сержан Орманұлымен таныстырды.

Алғашқы сөз келген қонаққа берілді.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы – Ірілендірілген Астана жол дистанциясының диагностикалық блогының бастығы Шуданов Сержан Орманұлы өзінің осы мамандыққа қалай келгенін, студенттердің дұрыс әрі жақсы мамандықты таңдағаны туралы, теміржолда жұмыс жасаудың жауапкершілігі туралы әңгіме қозғады. Сөзінің соңында студенттерге болашақта жақсы маман иесі болуыларына және колледж ұжымына жұмыста табыс пен сәттілік тіледі.

4С-213, 4С-113 тобының студенттері Имаканов Азамат, Сыздык Әлішер, Боранбаев Газиз және Шалқаров Алдияр өз баяндамаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибеден жиған-түйген білімдерімен бөлісті.
Конференция соңында келген қонақтар студенттерге оқуда табыс, шығармашылықта шыңнан көріне берулерін тіледі.


А.К. Каримова