Body: 

2017 жылдың 25 желтоқсанда Астана қаласы көлік және коммуникация колледжінің мәжіліс залында 1108000 «Темір жолдың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу» (түрлері бойынша), 1106000 «Темір жол жылжымалы құрамы өндірісі» (түрлері бойынша) және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша) мамандықтары студенттерінің өндірістік-технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті.

Конференцияда колледж директорының өндірістік-тәжірибе жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзаұлы және әлеуметтік серіктестік мекеме өкілі ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосының аға мастері Дощанов Данияр Тулеуұлы, сонымен қатар аталған мамандықтардың үшінші және төртінші курс студентері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде колледж директорының өндірістік-тәжірибе жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзаұлы болашақ түлектерді жөндеу және пайдалану тәжірибесін сәтті аяқтауларымен құттықтай отырып, болашақта теориялық және тәжірибелік емтихандарды және дипломдық жобаларды қорғауда жақсы нәтиже көрсетулерін тіледі.

Конференция өту барысында жөндеу және пайдалану тәжірибесі бойынша бейне материалдар көрсетілді.

Өзінің кіріспе сөзінде колледж директорының өндірістік-тәжірибе жөніндегі орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзаұлы болашақ түлектерді жөндеу және пайдалану тәжірибесін сәтті аяқтауларымен құттықтай отырып, болашақта теориялық және тәжірибелік емтихандарды және дипломдық жобаларды қорғауда жақсы нәтиже көрсетулерін тіледі.

ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосының аға мастері Дощанов Данияр Тулеуұлы студенттердің жақсы дайындықпен келгендерін және алдағы он жылдықта локомотивті парктің болашақта дамуын айта отырып, сонымен қатар студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

«ЭТХ» кафедрасының меңгерушісі Тоқсанбаева С.И жөндеу және пайдалану тәжірибенің негізгі өтілу сәттерін баяндап, АҚ «Қамқор Локомотив», АҚ «Локомотив», «ЛСЦ» АҚ «Астана локомотив қызмет көрсету орталығы», ЖШС «Жолаушылар вагон жөндеу» бөлімдерінде тәжірибе өтуге арналған құжаттармен таныстырды.

Алғашқы болып 4 курс 1106000 «Темір жол жылжымалы құрамы өндірісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша оқитын "Жолаушылар вагон жөндеу" депосының Көкшетау филиалында өткен 4ППС-113 тобының студенті Бегалиев Ескендр баяндама жасады. Ол студент баяндамасында техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу, темір жолдың арнайы жылжымалы құрамын жетілдіру, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартуда қандай іс-шаралар қолдану керектігімен бөлісті. Арбашықтың қаңқасын жөндеу бөлімшесіндегі тәжірибе өту кезінде, арба қаңқасының бөлшектерін таңдау және жинақтап жөндеу, слесірлік жұмыс барысында сыртқы кескіні, құрылысы, пішіні, өлшемі жөнінде нақты мағлұмат алды.

Төменгі курс студенттері тәжірибеден өтушілерге деген жөндеу және пайдалану депосындағы қызметкерлердің көзқарасы және тәжірибеден өту, келісім шартқа отыру жөнінде сұрақтар қойылды.

4Этх-113 тобының студенті ЖШС «Қамқор Локомотив» Астана локомотив пайдалану депосында өндірістік технологиялық тәжірибеден өтті.

Ол баяндамасында Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы және Астана-Атбасар аралығында ВЛ80 с электровозын басқарудың әр түрлі әдістерін мысалға келтірді. Жол жүру барысында механикалық, электрлік автотежеуіш қондырғыларының қандай ақаулары бар екенін айта кетті. Электровоздың істен шығу кезінде жұмыс сенімділігін қалпына келтіру, ТЭД жүйесін бақылау туралы айтылды. Электрлік жүйесінің істен шығуы кезінде, электрлік сызбалардың, тежеу құрылғысының, тартым локомотивтік поездардағы тексеру мен қызмет көрсету тәртібін айтып өтті.

Барлық студенттер мекеме жетекшілерінің оң қолдауын және нұсқаулықтарын алды. Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша аталған мамандықтар бойынша студенттердің білім көрсеткіші жоғары деңгейде болды, үлгерім-100%, білім сапасы-100%, орташа балл-4,5.

Конференция жоғары кәсіби-іскерлік деңгейде өтті. Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестіктеріне жұмыста белсенділігі үшін алғыс айтты.

С.И. Токсанбаева