Body: 

Астана қаласының көлік және коммуникация колледжінің акт залында 2017 жылдың 26 қаңтарында 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» және 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» (әр түрлі салалар) мамандықтары бойынша өңдірістік - технологиялық тәжірибе қорытынды конференциясы өтті

Конференцияға колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, әлеуметтік серіктес ЖШС «№2 Автобустық парк» бақылаушысы Дарижанова Гулжанат Сағатқызы, колледж директорының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, оқытушылар, берілген мамандықтың екінші, үшінші төртінші курс студенттері шақырылды.

Колледж директоры Гаипов З.С. кіріспе сөзінде болашақ түлектерді оқудың бірінші маңызды кезеңін – өңдірістік-технологиялық тәжірибені сәтті аяқтағанымен құттықтап, мемлекеттік емтихандарды тапсыруда және дипломдық жобаларды қорғауда сәттілік тіледі.

ЖШС «№2 Автобустық парк» бақылаушысы Дарижанова Гулжанат Сағатқызы біздің колледж студенттерінің теориялық және тәжірибелік дайындығының жақсы, жұмысқа деген жауапкершілігінің жоғары, тәжірибеден өтушінің көліктің техникалық қауіпсіздік ережесін және еңбек қорғауын орындағанын атап айтты.

Төртінші курс студенттері теміржол және көлік салаларында тәжірибе өткендігі туралы қуанышпен бөлісті. Төмен курс студенттерінің назарын өңдірісте қолданылатын, оқу тәжірибесінде өтетін құжаттамаға аудартты. Қозғалыс қауіпсіздігін ұстануға шақырды.

Төмен курс студенттері тәжірибедегі құрылғы, келісім шартты рәсімдеу, басқарушылар мен жұмыскерлердің тәжірибеден өтушілерге қарым- қатынасы сұрақтарына қызуғышылық білдірді.

Конференция соңында колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы студенттер мен оқытушылардың өндірістік-технологиялық тәжірибе мен конференцияны ұйымдастыру жұмысын жақсы деп бағалаумен қорытындылады.

Қорытындыда колледж директоры ерекшеленген тәжірибеден өтушілерге өндіріс орындағы тәжірибе жетекшілері берген алғыс хаттарды тапсырды.

1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 2016 жылғы өндірістік технологиялық тәжірибенің сапасы – 100% , білім сапасы – 95%, орташа балл – 4,5.
1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» (әр түрлі салалар) мамандығы бойынша үлгерім – 100%, білім сапасы – 93%, орташа балл – 4,3.

Қ. Ж. Бұрқанова