Body: 

2017 жылғы 25 қаңтарда № 2 жатақханада колледж медбикесі Жунусова А.Е. «Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру» тақырыбындағы дәріс өткізді. Алмагуль Ержанқызы студенттерге дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі екенін айтып, тамақтану әдебін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндірді, дұрыс тамақтанудың жолдарын көрсетті.

Дәріс соңында студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, өткізілген дәріс үшін медбикеге алғыстарын білдірді.

Г.К.Капашова