4 ақпан 2017
2017 жылдың 1 ақпанында Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау бойынша жолдауда көрсетілген халық мүддесін көздеген тарихи қадамға қолдау және насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Отырысты аша келе, колледж директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов сөз сөйледі. Сөйлеу барысында еліміздің Тәуелсіздігі жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы айта келе кезекті жолдаудың қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болатындығын, ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізілетіндігі туралы екенін атап өтті.
Әлеуметтік-гумманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Индира Әбілқайымқызы Бердешова жолаудың негізгі бес басымдығына баяндама жасап, басты назар адами капитал сапасын жақсарту мен институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске, дәлірек айтсақ, қазіргі заманда адамзат терроризм, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігі, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігіне баса назар аударды.
Талқылауды қорытындылай келе колледж директоры З.С. Гаипов колледж ұжымына білім сапасын жақсарту мен бақылауды күшейту шараларын жасауды тапсырды.
Талқылауға қатысқандар ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағытталған бағдар алатындығы жөнінде ортақ пікірге келді.
И.А.Бердешова