Body: 

2017 жылғы 26 каңтарда № 2 жатақханада колледждің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Сенімділік жетелер биіктерге!» тақырыбындағы тренинг өткізілді. Іс-шара барысында әлеуметтік педагог Г.Ж. Нұрқабыл студенттерге мәдениетті және салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсіндірді. Педагог психолог Э.С. Бегалиева студенттерге өмірде кездесетін әртүрлі қиыншылықтардан шығу жолдарын ойын арқылы жеткізді.

Өткізілген тренинг жатақхана тұрғындарына жағымды әсер етті.

Г.Қ. Қапашова