Body: 

2017 жылғы 31 қаңтарда № 2 жатақхана студенттік кеңесінің отырысы өткізілді. Отырысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.У.Мурзабаева және жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы А.Мұратұлы қатысты. Жиналыс барысында II жартыжылдықта жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шаралардың нәтижелі іске асуы бойынша жүргізілетін жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар күн тәртібіне байланысты сұрақтар да қозғалды.

2016-2017 оқу жылындағы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша үлгілі тәртібі үшін келесі бөлмелерде тұратын студенттер мадақтау қағазымен марапатталды:
•№ 1 - Юльмухаметов Р.И., Мулюков С. Р. - 1ТЭТР-116;
•№ 11 - Кеңесбек А. Қ. - 1ОЭО-216, Садыров Р. К. - 1ЭН-216;
•№ 33 - Бүркітбаева Л. С., Нурымова З. Б. - 3ЭТС-214, Ашенова А. Ш. - 3ТЭТР-114.

О.Ө. Айсина