Body: 

2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау мақсатымен № 1 жатақхана студенттік кеңесінің отырысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - студенттерге Жолдаудың мәнін түсіндіру арқылы, жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізін құрайтын басты құндылықтарды дамыту, Жолдаудағы мәселелерге өз үлестерін қосуға үндеу, жастарды еңбексүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Өз сөзінде жатақхана тәрбиешісі А.Туралиева Елбасының халыққа жолдауындағы көтерілген мәселелерді білу қажет екендігін атап өтті. Бұл жолдау – күннен күнге, жылдан жылға қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған нақты істі атқаратын бағдарлама.

Басты тақырып бойынша студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, студенттер арасында қызығушылық тудырған мәселе – баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру, үш тілді оқытуға көшу, ІТ – саласын игеру.

Талқылау соңында студенттер Елбасы үндеуінде айтылған мәселелерге өз үлестерін қосу - азаматтық борыштары екендігін тұжырымдады.


А. Мурзабаева