Body: 

2017 жылғы 10 ақпанда конференц-залда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Нурманбетова Джамиля Нусупжанқызы колледж ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты 2017 жылғы 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауын халыққа түсіндіру болды.

Кездесу барысында Джамиля Нусупжанқызы Жолдаудың бес негізгі бағыттарына тоқталып, Қазақстанның үшінші жаңғыруына арналған стратегияның қозғаушы күштерін атап өтті: сандық индустрияның дамуы, ІТ-бөлім, өнеркәсіп, көлік және логистика, құрылыс бөлімі және т.б.

Жолдауды талқылау барысында білім беру саласында атқарылатын жұмыстарғада көп көңіл бөлінді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы – елдің дамуының негізгі механизмі, сол себепті оның әр бағытымен танысу – әрбір қазақстандық үшін жауапты тапсырма.


А. Мурзабаева