Body: 

2017 жылдың 1-6 ақпан аралығында колледжде Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық Ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты М. Алимбетов пен Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Ж. Талдыбаеваның студенттермен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты-студенттерді Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық кодексімен таныстыру, түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасы, әкімшілік жазалардың түрлері, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу туралы толық мәлімет берсе, қылмыстық кодекс бойынша бопсалаушылық, зорлық көрсету баптарындағы кәмелет жасқа толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріне тоқталды.

Іс-шараның соңында М. Алимбетов студенттерге жасөспірімдер тарапынан орын алатын түрлі ұсақ құқықбұзушылық, бұзақылықтың жақсылыққа әкелмейтін түсіндірді. Сол себепті әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, құқықтық сауатты болу керектігін айтты.

Г. Нұрқабыл