Body: 

2017 жылғы 23 ақпанда Астана қаласы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша колледждің мәжіліс залында кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова сөз сөйледі. IT технологияларды білім беру жүйесіне енгізу, орта білім беру мекемелерінде ағылшын тілінде сабақ өткізу және т.б. тақырыптағы өзекті мәселелер кездесу барысында талқыланды.

Жиын соңында колледж директоры Зулфухар Султанұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, өз кезегінде Елбасы жолдауы – бұл еліміздің дамуына және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-қимыл бағдарламасы екенін атап өтті.

А. Мурзабаева