3 март 2017
2016 жылғы 24 ақпаны күні 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» және 1304000 «Оптикалық және электронды құрал-жабдықтар» (түрлері бойынша) мамандығының 1 курс студенттерімен топ жетекшілері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында болды. Мұражайды араламас бұрын конференция залында балаларға еліміздің жеткен жетістіктері жайлы, әлемде болып жатқан жахандық мәселелер жайлы Карагизова Гүлден Болатқызы дәріс өтті. Дәріс өте әсерлі, тәрбиелік мәні ерекше болды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылды. 2016 жылы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мен қосылды. Бұл Қазақстанда алдыңғы қатарлы, заманауи кітапхана мен мұражай. Қазіргі уазытта «кітапхана» мен «мұражай» қорларында 37 733 сақтам бірлік бар. Соның ішінде Мұражай кітапханалық қоры 2 240 дана кітап. Мұражай электрондық мұрағат қоры 25 813 сақтам бірлігінен, мұражай қоры 9 680 сақтам бірлікті құрайды. Мұражайды таныстырушы (гид) мұражайдың әр қабатында қандай зал бар екендігін атап айтты. Соның ішінде ерекше көзге түскен (1985-1991 жж.) еліміздің егемендік пен тәуелсіздік алудағы күрделі кезеңдеріне арналған. Елбасы өмірбаяны жайлы, еліміздің егемендікке жету кезеңдері жайлы және тарихи құжаттар, мұрағат материалдар, материалдық және рухани мәдени бұйымдары қойылғандығын көзбен көрдік. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайына экскурсия барысында студенттердің болашаққа деген қызығушылығы артып, еліміздің тарихын тереңірек түсінді. Экскурсия соңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайынан колледж директоры З.Гаипов мырзаға мына кітаптар сыйға берілді.
М.Ч. Карикулова
1. Модель Назарбаева. (Известная история в новом прочтении) Деловой мир Астана. Астана, 2006.
2. Мир лидер нации: Личность. Политик. Созидатель. Сборник документов и материалов (из фондов личного архива Первого Президента Республики Казахстан – Лидер нации) Астана, 2016