10 наурыз 2017
2017 жылғы 7 наурызда көктемгі жыл құсымен жарыса келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін Көлік және коммуникация колледжі асқан қошеметпен қарсы алып, белсенді студенттер ұстаздарына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.
Әдеттегідей мәжіліс залына асыққан ұстаз-аналар қауымы мен студенттердің көңілдері шат-шадыман. Оларды көңілді әуен мен жастардың жадыраңқы қабағы, ер азаматтардың ыстық ықыласы күтіп тұрды.
Қос тілдегі құттықтау тілектерде жүрекжарды небір сөз маржандарын төгілдірген жастардың ықыласына ұстаздар да ризашылықтарын жасырмады.
Колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаиповтың құттықтау сөзінде әйел-аналардың, ұлағатты ұстаздардың, кейінгі жас буынның колледждің ілгерілеуіне қосып отырған айрықша үлестеріне арнайы тоқталып өтті.
Мерекелік іс-шараға орай, сіңірген еңбектерін бағалай отыра, колледждің қызметкерлерін ұйым басшысы салтанатты түрде марапаттады. Астана қаласы Білім басқармасы басшысының алғыс хатына ЖАМИЛЯ ЕСЕНТАЕВА, РАУКЕН БУЖБАНОВА, ТОРҒЫН АУБАКИРОВА ие болса, колледж директорының алғыс хатымен ГҮЛДЕН НҰРҚАБЫЛ, ГҮЛНАЗ СВАНОВА, ҚАРАШАШ ХАМЗИНА, ГҮЛЖАН КАРИБАЕВА, СЫРҒА МАМБЕТОВА, ЖАЗИРА ТАЛДЫБАЕВА, АДЛЯТХАН ИМИНОВА марапатталды.
Колледж оқытушыларынан құрылған «Теміржолшылар» көңілді тапқырлар тобы үздік әзілдерімен ұстаздар қауымының көңілінен шыға білді. Жастар мерекелік көңіл-күйді пайдаланып, ұстаздарына әдемі әзілдерін жеткізіп, күлкіге бөлеуді де естен шығармапты. Даурен Ғабдештың орындауындағы «Тоқтама биле», Санжар Қаратай шырқаған «Шет жүрсем сағынарым», Құрбанбай Өскенбайдың «О море, море» әндері көпшілік көңілінен шықты.
Мереке соңы өнерпаздардың топталып айтқан ән шашуымен аяқталды.
А. Мурзабаева