13 наурыз 2017
2017 жылғы 9 наурыз күні 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының 1 курс студенттері, топ жетекшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында болды. Н.Ә. Назарбаевтың жаңа резиденцияға ауысқанына арада он жыл салып, Елбасының елордадағы бірінші резиденциясы бүкіл елге танымал мұражайға айналды.Ол «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» мұражайы деп аталады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайы– Қазақстанның жаңа тарихының мұражайы. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы жарлығымен құрылды. Мұражайға алғашқы келушілерді мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Мұражай экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.
Қазіргі уазытта «кітапхана» мен «мұражай» қорларында 37 733 сақтам бірлік бар. Соның ішінде Мұражай кітапханалық қоры 2 240 дана кітап. Мұражай электрондық мұрағат қоры 25 813 сақтам бірлігінен, мұражай қоры 9 680 сақтам бірлікті құрайды. Жалпы аумағы 12 мың шаршы шақырым. Резиденция мұражайға айналғанымен әлі күнге дейін Президент жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұрады. Біз танысқан үшінші қабатта Президент кабинеті орналасқан. Екінші қабатта Президент әкімшілігі жұмыс жасап, төртінші қабаттағы «Күмбезді» залда салтанатты шаралар мен қабылдаулар болып отырған. Президенттің жұмыс бөлмесін көріп, жоғары дәрежедегі кездесулер өткен залдар мен әр түрлі наградалар мен сыйлықтармен және Елбасының өмірбаянымен таныстық. Осы залда құжаттарға қол қойылып, ресми ісшаралар өтіп, мемлекеттік марапаттар тапсырылған. Елбасына әр мемлекеттің басшыларынан берілген сыйлықтар мен марапаттарды да көрдік.
Студенттер мұражайдағы тарихи деректерге куә болып, өздеріне керекті мәліметтер алып, қуанышты қайтты.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы беделді, оқу-ағарту орталығы ретінде танылған Астанамыздағы көз тартар мәдени орталықтың біріне айналды.
М.Ч. Карикулова, Б.Д.Дәрібай