Body: 

Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, әз-наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Біздің ұжым да жыл басы саналатын ұлық мерекені ыстық ықыласпен, шат-шадыман көңілкүймен атап өтті. Сонымен қатар Астана қаласының әкімшілік ғимаратты алдындағы алаңдағы іс-шараларға қатысу дәстүрі өз жалғасын тапты. Мұндағы мерекелік сауық-сайранға көшпенді халықтың тұрмыс-салтынан хабар беретін киіз үй тігіп, еңсесі биік Елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты. Бұл ретте «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы жасаған репортажы мен Қытай Халық Республикасынан келген журналистердің бейнетүсірілім жасау үшін біздің киіз үйді таңдағандары – колледж ұжымының осы мейрамға қаншалықты жоғары деңгейде дайындалғанының айқын көрінісі іспеттес. Киіз үйге қонақ болып келген барша көпұлтты халқымыз қонақжай колледж ұжымына алғыстарын білдіріп жатты. Еліміздің кешегісі мен бүгінгісін сабақтастыра отырып ұйымдастырылған думанды ойын-сауық, көрме-жәрмеңкелер, сахналық қойылымдардың бел ортасында болған біздің Көлік және коммуникция колледжі екі күнге созылған бұл мерекені келесі жылыда асығы күтпек!

Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!


А.Мұратұлы