Body: 

2017 жылғы 5 сәуірде № 1 жатақханада студенттік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиналыста өткен айдың қорытындылары мен нәтижелері, жастар саясаты мәселесі бойынша сұрақтар қарастырылды.

Отырыс жұмысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.У.Мурзабаева, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы А.Муратұлы, және жатақхана студенттік кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: колледж және жатақхана қабырғасында жастардың азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлардың жасалуы, жастардың мәдени дамуына әлеуметтік-экономикалық және жан-жақты қолдау көрсету арқылы дарынды жастардың бастамасын қолдау, мәдени шараларды өткізу жоспары, өрт және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, студенттердің жатақханада тұру ережелерін сақтауларын тексеру бойынша рейдтер өткізу.

Барлық бағыт бойнша үйлестірушілер өздерінің атқарылған жұмыстары туралы есептерін берді, ағымдағы айларға жоспарланған іс-шараларды өткізу қарастырылып, бөлмелердің санитарлық жағдайын тексеру қорытындысының есебі тыңдалды.

А.Туралиева