10 сәуір 2017
2017 жылғы 7 сәуірде Астана қаласы бойынша Астана қаласы Жастар маслихатының депутаттарын сайлауы өтті. Аталған шарадан біздің колледжде шет қалған жоқ. Өздерінің коллеждің саяси-қоғамдық өмірдегі белсенділігімен және алға қойған мақсаттарымен көріне білген студенттеріміз – Өскенбай Құрбанбай, Бигарстанова Аделя, Хамитов Руслан және Алданыш Индира өз кандидаттықтарын маслихат сайлауына ұсынған болатын.
Колледж студенттері мен қызметкерлері белсене қатысқан сайлау қорытындысы бойынша 1ТЭТР-216 тобының студенті Алданыш Индира жеңімпаз атанып, Жастар маслихатының депутаты мансабына ие болды.
Өз кезегімізде Индираға сәттілік тілеп, өзіне қойылған міндеттерді абыроймен атқаруына тілектеспіз!!!
А. Мұратұлы