10 сәуір 2017
2017 жылғы 05, 06 сәуір аралығында Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен "Холдинг "Қәсіпқор" ҰАҚ ұйымдастыруымен қолданбалы бакалавриат бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және кадрларды даярлаудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырысқа Алгазинова К.М. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы, Абылгазина А.Е. - Ы. Алтынсарин атындағы кәсіптік білім беру ҰАҚ орталығының директоры, Бимендина А.Т. - "Кәсіпқор "Холдингі" ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары, Еслямова АК. - Көкшетау қаласының Жоғары колледжінің директоры, Оразалин Ш.Ж. - Щучинск қаласының Жоғары колледж директоры, Кушумбаев А.Б. - Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің директоры, Заурбекова С.С. – Еуразия гуманитарлық институтының колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Абдикаримова Т.Т. - Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Матвеева Л.И. - Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Шәріпов Б.Ж.– "Қаржы академиясы" АҚ проректоры, Ахметжанова А.Ж. - Тынышпаев атындағы Ақмола колледж КазАТК колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Астана қаласының басқа да оқу орындарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республиканың білім беру жүйесіне қолданбалы бакалавриатты енгізудің өзекті мәселелері талқыланды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 "Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты" қаулысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері, қолданбалы бакалавриат бойынша мамандарды даярлаудың үлгілік оқу жоспарының макеті, сондай-ақ жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің модулі бойынша мәселелер қаралды.
Жұмыс тобының отырысы өте нәтижелі өтті, МЖБС-мен дайындалған өзгертулер өңделіп, Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру бойынша бұйрық әзірленді.
Директордың оқу- әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Л. Матвеева