Body: 

2017 жылдың 19 сәуірінде №3 емхананың дәрігер-гинекологы А.И. Мамбетовамен кездесу ұйымдастырылды. Дәрігер қыздармен жыныстық жетілу, гигиена құралдары және әйел затының жыныстық жүйесінің құрылымы жайында жағымды атмосферада әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында, жасөспірім - қыздар үшін маңызды ерте жүктілік, түсік тастаудың әсері жайында айтылды.

Сонымен қатар А.И. Мамбетова жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда оның ағзаға тигізетін жағымсыз әсері, ерте кезеңде пайда болатын түрлі аурулардың алдын алу және емдеу үшін, гинекологтың медициналық тексеруінен уақтылы өтіп тұру керек екендігін айтты. Әңгіме соңында дәрігерге қыздар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды. Әңгіме қызықты, сенімді әрі пайдалы болды.

Э.Бегалиева