Body: 

2 2017 жылы 20 сәуір Астана қаласы «Көлік және коммуникация колледжінде» МКҚК «Ғылыми-әдістемелік қолдаумен білікті жұмысшылыр мен мамандар даярлау» тақырыбында семинар өткізілді. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тоты Тлеулесовна Абдикаримова және «Электр тартымды шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Салтанат Исақызы Тоқсанбаева Белоруссия мемлекеті Минск қаласы сәуір айының 10-14 аралығында білім алған тәжірибе алмасу семинардың негізгі мақсаты болды. Семинар барысында суреттер және бейне жазба, кестелермен слайдтар көрсетілді

Т.Т Абдикаримова «Модулды бағдарлама» және олардың түрлері туралы айтып өтті. Модулды оқытудың ерекшеліктері, модулды оқытудың шектелуі және кемшіліктері, өндірістік оқытуда (тәжірибе) модулды оқыту бағдарламасының әзірлеме әдістерінің, өндірістік оқытуда модулды оқыту бағдарламасының құрылымы туралы айтты. Академик М.С. Высоцкий атындағы Минск мемлекеттік автоматты колледжімен тәжірибе алмасу ретінде келісім шартқа отырғандығы айтылды. С.И Тоқсанбаева топтастыру мысалдарының мақсаты және оқу материалдарына деңгейлі оқытудың қорытындысын орынықтыру, оқушылардың оқу жетістіктері және арнайы пәндерге деңгейлі оқытуды енгізу кестелерімен таныстырды. Әдістемелік ұсыныстар, «Ғимараттардың құрылысы» оқулығында мысал келтірілген оқу бағдарламаларына деңгейлі әзірлемелерінің әдістерін көрсетті.

Теорилық пәндер бойынша деңгейлі оқу бағдарламаларының ережесі және тәртібі.

Оқу әдістемелік бірлестігі