10 мамыр 2017
Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.
9 мамыр - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. 2017 жылғы 6 мамырда Жеңіс күні қарсаңында колледжде Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекеге соғыс ардагерлері, еңбек ардагерлері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Мерекелік концертті Астана қалалық маслихатының депутаты, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы: «Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы», - деген сөздерімен ашып, барша қауымды бұл елеулі мерекемен құттықтады
Мерекеге арнайы шақырылған қонақтар - «Көктал» тұрғын алабының Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Есенжолова Сабира Абдрахманқызы мен Умарбаева Таураз Сейтқалиқызы өздерінің ілтипаты мен ризашылығын білдірді. Еңбек ардагері Құсайынов Сабыр мырза колледж директорына әр сәтте көмек қолын созып, аға буын өкілдеріне көрсетіліп жатқан еңбегі үшін алғысын білдірді.
Мереке қарсаңында колледж директоры бір қатар колледж оқытушылары мен қызметкерлері Емишев Е.С., Усенов Н.А., Абильдинов К.Т., Наурызбаев М.А., Котиев Р.И., Кусаинов Б.Т.алғыс хатпен марапатталды.
Колледж студенттері өздерінің шығармашылық көріністерімен концертке жиналған қауымды бір сәтке сол сұрапыл соғыстың сергелдеңіне әкеткендей болды.
Мерекелік шара барша қауымға таныс әрі ыстық «День Победы» әнімен аяқталды
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал біздің ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қалады.
.
.
Р. Ермаханова