Body: 

2017 жылдың 15 мамырда Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға колледждің директоры мен оқытушы құрамы қатысты.

Колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов Елбасы үндеуінің тарихи дамудың Қазақстан үшін жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, қоғам санасының жаңғыруы – алға жылжуымыз үшін аса қажетті қадам.

Отырыс барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша колледждің «Әлеуметтік-гумманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Бердешова Индира Абилкаймовна баяндамасын жасады. Мақала конституциялық реформа мен Үшінші жаңғырудың экономикалық қайта құрылуын толықтыра түсіп, шын мәнінде, Қазақстанның табысты дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасына айналып отыр

Тәуелсіздік алған жылдардан бері білім мен ғылымды дамытуда көптеген істер атқарылды. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында. Көлік және коммуникация колледжінің ұжымына Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруға колледж директоры З.С. Гаипов тарапынан бір қатар тапсырмалар жүктелді. Колледж ұжымы Мемлекет басшысының ел тағдырына қатысты ой-толғауын үлкен ықыласпен қабылдады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаев идеяларының өмірге ендіру, оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басымдықтарын нақты қолдану – ел әлеуетін нығайтуға қуатты серпін беретініне және адами капиталдың дамуына, бірлікті, ұлттық тұтастықты сақтауға, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

И.А. Бердешова