Body: 

Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Халықаралық отбасы күнінің мақсаты – әрбір отбасыға «сүйіспеншілік», «татулық», «махаббат», «жанашырлық» ұғымдарының рухани құндылығын насихаттап, маңызын дәріптеу.

Осы мерекеге орай, колледж басшылығының бастамасымен психологиялық қызмет «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршысы, патронаты бар балалар» санатына жататын студенттерге және олардың қамқоршыларына әлеуметтік көмек көрсетті.


Колледж басшылығына риза болған қамқоршылар ұйымдастырушыларға өздерінің ақ баталарын беріп, денге саулық, жұмысқа табыс тіледі.

Г. Нұрқабыл