Body: 

2017 жылғы 17 мамырда Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері оқу емтихандарының басталуына байланысты «Таза сессия!» флешмоб-акциясын өткізді. Аталған шараға 120 студент қатысты. Шараға қатысушы 1 курс студенті Әсел Рахымбектің айтуынша, флешмобқа қатысушы әрбір студент акцияның ұранында көрсетілгендей «Оқып, шыңға жетеміз, Сессиядан өтеміз!» деп, колледжге келіп алған білімдерінің сапасын емтихандарда көрсетіп, әр сабақтан өте жақсы баға алып, үлгілі студент атануга тырысады. Осындай тектес флешмоб-акциялар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


А. Мұратұлы