31 мамыр 2017
2017 жылғы 26 мамырда біздің колледжде 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай мұражайдың меңгерушісі, Маржан Чукиржанқызы мен Бота Дәрібайдың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Осы іс-шараға журналист, жазушы, өлкетанушы, Тоғанбай Қажы Құлманұлы, Сәкен Сейфуллин мұражайының экскурсия қызметкері Ләйлә Дастанқызы және 1РЭС-216 тобының студенттері қатысты.
Жазушы Тоғанбай Қажы Құлманұлы 1931 жылдағы қолдан жасалған ашаршылық, 1937-1938 жылдары халық жауы деген айып тағылып, жазықсыз атылған зиялы азаматтарымыз жайлы ерекше тоқталып өтті. Ләйлә Дастанқызы Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы туралы айтты, мұражайдан әкелген тарихи құнды деректерімен, кітаптарын көрсетті. Сәкен Сейфуллинмен бірге атылған, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ильяс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Темірбек Жургенов, Санжар Аспендияров, Жүсіпбек Аймауытов, Сейтқали Меңдешов, Халел Ғаббасов сынды қазақ зиялыларының 1938 жылға дейінгі басынан өткен қиын кезеңдерін айтып өтті.
Кездесу барысында, келген қонақтар өз пікірлерімен бөлісті. «Қанды хат» атты деректі фильм көрсетілді. Студенттер өздері ізденген деректер мен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарына толық жауап алды. Бұл кездесу кеш студенттердің патриоттық сезімдерін оятты. Кездесуге келген қонақтар, қазақтың басынан өткен қиын кезеңдерді естен шығармай, жас ұрпақ мәңгі жадыда ұстауды айтып өтті.
Кеш соңында Тоғанбай Қажы Құлманұлы студенттерге жылы лебізін білдіріп, осындай патриоттық сезімдері жоғары жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздарға ризашылығын білдірді.
Кездесуге алтын уақыттарын бөліп келген Тоғанбай Қажы Құлманұлына, Ләйлә Дастанқызына алғысымыз шексіз! Репрессия құрбандары біздің, жас ұрпақтың мәңгі жадында қалатыны анық! «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» - мәңгі ел есінде.
Қазақ халқы әрқашан еңсесі биік Мәңгілік – ел бола берсін!
М.Ч.Карикулова, Б.Д.Дәрібай