Body: 

2017 жылғы 12 маусымда колледж әкімшілігі мен қызметкерлері Қызылорда облысынан EXPO-2017 көрмесіне арнайы келген алғашқы қонақтарды қуана күтіп алды. Кішкентай бүлдіршіндерді колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов жүрек жарды құттықтау сөздерімен қарсы алды. Өз сөзінде ұжым басшысы барлық қонақтарға алдағы демалыстарын жақсы өткізуге және көрмеден алатын қызықты әсерлерімен бөлісуге шақырды. Сонымен қатар, EXPO-2017 көрмесінің маңыздылығына тоқталып, елімізге беретін мол пайдасын айтып, осы шараны өткізуге бірден-бір себепкер болған Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысын білдірді.

Өз кезектерінде, Сыр өңірінің өкілдері колледж басшылығы мен қызметкерлеріне көрсетілген қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді

Алдымызда үш ай көрме өтеді... яғни Көлік және коммуникация колледжі үш ай бойы көрмеге келген елордамыздың қонақтарына есігін айқара ашпақ!

А.Мурзабаева