Body: 

2017 жылғы 15-18 маусым айында Астана қаласындағы "Көрме" орталығында "Eurasian Book Fair – 2017" Еуразия халықаралық кітап-жәрмеңкесі өтті.

Бұл еуразиялық кеңістігіндегі ТМД елдері, Еуропа және Азияның ғылыми-білім беру және полиграфиялық компаниясын, кітап саудасы, баспаханаларды үлкен бір зияткерлік алаңға біріктірген ірі мәдени-ағартушылық іс-шара.

Іс-шараны ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми қолдауымен "Фолиант" баспасы (Қазақстан Республикасы, Астана қ.), Астана қаласының Әкімдігі, Қоғамдық институттар мен партиялар.

Іс-шаралар бағдарламасының аясында презентациялар, авторлармен шығармашылық кездесулер, кітаптарды басып шығарушы ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, кітапханалардың басшылары және мамандарының қатысуымен кәсіби дөңгелек үстелдер, конкурстар мен викториналар өткізілді.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін кәсіби білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Астана қаласының Білім басқармасы "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК директоры Гаипова Зулфухара Сұлтанұлы атынан, және Ресей Федерациясы,"Темір жол көлігі бойынша білім беретін Оқу-әдістемелік орталығы " (ФГБУ ҚКБ "УМЦЖДТ"), қосымша кәсіби білім беретін Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің директоры атынан, Старых Ольга Владимировна арасында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімшарт жасалды.

Осы келісімшартты жасау екі тараптың да тәжірибе алмасу, ғылыми-практикалық конференцияларға өкілдерінің қатысу, көрмелерге, форумдарға және басқа іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

Серіктестік қарым-қатынасты орнату, әрине, Ресей және Қазақстанның қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдарды, халықаралық және мемлекеттік ынтымақтастықты нығайтуды дамытудың ықпалды факторлардың бірі болмақ.

Л.Матвеева