20 маусым 2017
20 маусымнан бастап еліміздегі барлық колледждерде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды. Бұл күні «Қош келдің, талапкер – 2017» қабылдау комиссиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Білім Басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, талапкерлер мен олардың ата – аналары қатысты.
Құттықтау тілегімен сөз алған колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Астана қалалық мәслихатының депутаты Зулфухар Султанұлы Гаипов оқуға түсуге келген талапкерлерге сәттілік тілеп, қалаған мамандықтарына түсуіне тілек білдірді.
Сонымен қатар талапкерлерге сәттілік жолдаған Астана қаласы Білім басқармасының Кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Басығараева Салтанат Қайратқызы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ» «Өзгерістер басқармасы» бөлімшесінің менеджері, колледж түлегі Замир Серіков бүгінде Көлік және коммуникациясы колледжінің көлік пен байланыс саласында білікті маман даярлаудағы ерекше орнын атап өтті.
Алғашқы болып өтініш тапсырған абитуриенттерге колледж атынан естелік сыйлықтар табысталды. Осы күні жалпы саны 31 өтініш қабылданды.
О.Х. Жунуспеков