05 сентябрь 2017
2017 жылғы 29 тамызда колледждің мәжіліс залында педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. 2017 - 2018 оқу жылына арналған құрылымдық бөлімдердің жұмыс жоспарларын бекіту;
2. Студенттердің жаңа құрамының бейімделу бағдарламасын бекіту;
3. Қабылдау комиссиясының жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат;
4. Колледж бітіруші түлектерінің жұмысқа орналастырылуы туралы ақпарат.
Кеңес отырысының соңында колледж оқытушылары мен қызметкерлері 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша бірқатар марапаттарға ие болды. «Дене шынықтыру және АӘД» кафедрасының меңгерушісі МАРАТ ЖУСУПОВ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің грамотасымен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ТОТЫ АБДИКАРИМОВА Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Колледж оқытушылары - ШОЛПАН БАЙБОЛОВА, АЙЫМ НУРПЕИСОВА, ГУЛЬДАНА ДУЙСЕНОВА WSEC-2017 Халықаралық бағдарламалық комитетінің алғыс хаттарына иеленді.
Сонымен қатар, колледждің құрметті ұстазы РИММА ВАСИЛЬЕВНА ПЛАХОТНЮКТЫ колледж директоры зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтады. Зулфухар Сұлтанұлы дәстүр бойынша ұжымның атынан туған күн иесіне ұлттық шапан жауып, колледждегі жылдар бойы жасап келе жатқан еңбегіне ризашылығын білдірді.
А. Мурзабаева