Body: 

2017 жылғы 11 қыркүйекте "Көлік және коммуникация колледжі"МКҚК кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімшарт аясында Лахти, Хяме және Ювяскюлядан қатысқан Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері консорциумынан өздерінің шетелдік серіктестерін қабылдады.

Консорциумды JAMK қолданбалы ғылымдар Университетінің Вице-ректоры Хейкки Малинен, жаһандық жобалар менеджері Хейкки Пусса және Қазақстандағы консорциумнің ресми өкілі Гүлжан Азимбаева таныстырды.

Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін және көлік, логистика, энергетика және байланыс мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын іске асыру мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу болды

Қонақтар "Жаңартылатын энергия көздері", "Көп арналы байланыс жүйелері", "Жылжымалы құрамның электрлік схемалары", "Электровоз машинисінің тренажеры" зертханаларын үлкен қызығушылықпен танысты, сондай-ақ ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу достық жағдайында өтті.

Кездесу соңында Хейкки Малинен ұжымға жылы лебізін білдіре отырып, ынтымақтастық қарым-қатынастың одан әрі жалғастырылатына сендірді.

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары Л. Матвеева