25 сентябрь 2017
2017 жылғы 20 қыркүйекте колледжде Астана қаласы № 3 емханасының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға аға дәрігер Ж. А. Жапаров пен медбике Л. Идрисова катысты. Кездесудің мақсаты – жастар арасында шылым шегу, алкогольдік ішімдік ішу, наркоманияның алдын-алу туралы ақпарат беру.
Дәріс барысында емхана қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіретін заттармен әуестенуден аулақ болуды айтты. Дәрігерлер студентердің қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтарын тыңдап, кеңестер берді.
А.Мұратұлы