Body: 

2017 жылғы 10 қазанда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен колледждің мәжіліс залында «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі «Жастар нашақорлыққа қарсы» жобасы аясында жастардың арасында нашақорлықтың алдын-алу бойынша семинар өткізді.

Семинар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, жастардың арасында нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған. Кездесу барысында жастарға есірткінің қоғамда пайда болып жатқан жаңа түрлері, сондай-ақ есірткі пайдаланатын жанды қалай анықтауға болатыны туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, Астана қаласы Наркология және психотерапия орталығының дәрігерлері Қазбаева Эльмира, Қойшыбеков Тохтар, АИТВ - нің алдын-алу және күрес бойынша орталығының өкілі Ажар Нурмагамбетова қатысты.


А.Мурзабаева