Body: 

2017 жылдың 06 қазанында көлік және коммуникация колледжінде жаппай-спорттық және сауықтыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Дене шынықтыру және АӘД» кафедрасымен колледждің бірінші курстары арасында футзалдан біріншілік өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты: футзалдан колледждің құрамасын жиыстыру үшін үздік команданы анықтау болды. Жарысқа бірінші курстың 160 студенттін құраған 16 команда қатысты. Ойындар Олимпиада жүйесі бойынша өткізілді.

Күрделі күресте жеңісті 2 ЭН-217 тобының командасы иеленіп, екінші орында 1 ПМ-217 тобының командасы орналасса, 3 орынды 1 СД-217 тобының командасы иеленді. Командалар тиісті деңгейдегі дипломдармен марапатталды.

М.Жусупов