Body: 

2017 жылдың 12 қазанында колледжде Астана қаласы, МКҚК №5 қалалық емхана «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының психологтары Альчикенова П.Б., Тлеулина А.М. 2 курс студенттерімен «Әркім тұмау мен ЖРВИ-ге дайын болу керек» тақырыбында дәріс-тренинг өткізді.
.

Дәріс-тренинг барысында жастардың арасында ЖРВИ және тұмаудың алдын алу мақсатында ағзаны шынықтырудың пайдасы және сақтану жолдары, суық тиген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы мәлімет берілді. Өзіңізді және қасыңыздағыларды қалай қорғау қажет деген пікірге ұсыныстар айтылды. Дәріс соңында студенттерге кітапшалар мен буклеттер таратылды.

Г. Нұрқабыл